Шымкент полицейлері жоғалған баланы отбасына қайтарды

Сурет: ҚР ІІМ
8 жасар мектеп оқушысы үйінен аулаға достарымен ойнауға шығып, жоғалып кеткен.

Туыстары жүргізген іздеу жұмыстары нәтижесіз болғандықтан, олар полицияның көмегіне жүгінген. Іздестіру шараларына патрульдік полк қызметкерлері бірден кірісті.

Тәртіп сақшылары мекенжайға жақын орналасқан аумақты түгел аралап, көршілерден сұрастырды. Қабылданған шаралардың нәтиже беріп, бала бір жарым сағаттан кейін табылды.

Ол ата-анасын ескертпей, досынын үйіне кеткен екен.

"Ұлым үйден 12:00 шамасында шыққан. Бірнеше сағаттан өте біз оны іздей бастадық. Кейін "102-ге" хабарладым. Қызметкерлер жедел келіп, ұлымды аман-есен үйге қайтарды. Үлкен рахмет" – деп полицейлерге шын жүректен алғыс айтты баланың әкесі.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Арабтар мұнайын Сингапурдың жер асты қоймасында сақтайтын болды

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

"Тұман, үсік, көктайғақ". Сейсенбіде еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Отбасының цифрлық картасы қалай толтырылып, жүргізіледі

Түркияда Қазақстан азаматшасы көз жұмды: СІМ қайғылы оқиғаны растады