Шымкент полицейлері суға батып бара жатқан әйелді құтқарып қалды

Сурет: ҚР ІІМ
Төтенше оқиға кеше түстен кейінгі уақытта болды. Көпірден өзенге секірген әйелді кездейсоқ куәгер байқап қалып, полицияға хабарлаған.

Оқиға орнына патрульдік автоэкипаж жедел жетті. Бір секундқа да баяулатпай, инспектор Нұрислам Құдайберген батып бара жатқан әйелді құтқару үшін суға түсті.

Полицей оны киімінен ұстап, әріптестерінің көмегімен жағаға шығарды.

"Бізде ойлануға уақыт болған жоқ. Азаматшаны көріп, мен бірден оны алып шығуға асықтым, тіпті судың қаншалықты салқын екенін сезбеппін. Әлбетте, әйелді жағаға шығару әріптестерімнің көмегінсіз мүмкін болмас еді. Өзімді соңғы орынға қойдым. Бұл батырлық емес, бұл менің міндетім. Өйткені, адам өмірі тәуекелге тұрарлық", – дейді Нұрислам.

Қуанышқа орай, әйел зардап шеккен жоқ. Полиция қызметкерлері оны дәрігерлерге тапсырды. Мұндай қадамға ол мас күйінде барғаны белгілі болды.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Гинекологқа да барғанмын": қазақстандық eGov жүйесінен күмәнді жазбаларды анықтады

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

"Тісі жоқ болғандықтан ұялған": сүйістен бас тартуы жас қазақстандық қыздың өміріне қауіп төндірді

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының 100 млрд теңгесін жеке басқарушыларға аударған