5 ақпандағы түскі саудада доллар тағы өсті

Сурет: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы тағы 1,88 теңгеге көтеріліп, 453,16 теңгені құрады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы төмендеп, 62,73 теңгені (-0,02) құрады.

Ұлттық банк еуроның еуродағы бағамын 491,36 теңге, рубльді 4,98 теңге деп белгіледі.

Ақша айырбастау орындарында доллар 453,1-455,3 теңгеге, еуро 488-492 теңгеге, ресей рублі 4,95-5,09 теңгеге сатылуда.

Ал, 5 ақпандағы аукционда әлемдік баға көтеріліп жатыр.

Осылайша, Лондонның ICE Futures биржасында Brent маркалы мұнайдың сәуір айындағы фьючерстерінің құны барреліне $77,71 құрады, бұл алдыңғы сауданың жабылуындағы көрсеткіштен 0,49%-ға жоғары.

Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) электронды саудада WTI маркалы мұнайдың наурыздағы фьючерстері 0,4%-ға қымбаттап, барреліне 72,57 долларды құрады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

12 қыркүйектегі валюта бағамы қандай

"Тұман түсіп, қатты жел тұрады". Дүйсенбіде еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Қазақстанда бір күнде 12 орман өрті тіркелді

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді