Астанада қарлы боран соғады. Оңтүстіктен соғатын желдің екпіні түнде және таңертең15-20 м/с болады.
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстіктен соғатын желдің екпіні 15-20 м/с. Көкшетауда жолдарда көктайғақ болады. Оңтүстіктен соғатын желдің екпіні 15-20 м/с.
Маңғыстау облысының батысы мен солтүстігінде түнде және таңертең көктайғақ, тұман басады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел күндіз батыстан 15-20, батыста, облыс орталығында екпіні 23-28 м/с. Ақтауда түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел күндіз батыстан 15-20, кей уақытта екпіні 23-28 м/с.
Күндіз Қызылорда облысында батыста, солтүстікте және орталықта көктайғақ болады. Облыс орталығы мен оңтүстігінде тұман түседі. Жел оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен, батыстан, солтүстіктен, облыс орталығында күндіз 15-20 м/с. Қызылордада оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с болады.
Күндіз Атырау облысының солтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Облыстың солтүстігі мен шығысында қар жауып, көктайғақ болады. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батыстан соғады. Күндіз екпіні 15-20, облыстың оңтүстік-шығысында 23-28 м/с. Атырауда күндіз оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 23-28 м/с болады.
Күндіз Батыс Қазақстан облысының оңтүстігі мен шығысында қатты жауын-шашын (көбіне қар) жауады. Облыстың батысында, оңтүстігінде және шығысында бұрқасын болады. Облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с. Оралда көктайғақ, тұман болады.
Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы аймақтарында тұман басады. Жел оңтүстіктен, күндіз оңтүстік-батыстан солтүстікте, облыстың таулы аймақтарында 15-20 м/с. Түркістанда түнде және таңертең тұман болады.