Құтқарушылар Семейдегі сауда үйінде болған ірі өрттің жай-жапсарын анықтады

Сурет: Абай облысы ТЖД баспасөз қызметі
Семейдің өрт сөндірушілері сауда ғимаратындағы өртті сөндірді. Алдын ала өрт аумағы 4000 шаршы метрден асады. Бұл туралы Абай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ағымдағы жылдың 5 ақпаннан 6-сына қараған түні өртке қарсы қызметке Засядко көшесінде 65 өрт болғандығы туралы хабарлама келіп түсті.

"Екі қабатты ғимараттың 1-ші қабатындағы әртүрлі тауарлары бар пластикалық бутиктер өртеніп, өрт 2 қабат пен шатырға тараған. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің алдын-ала ауданы шамамен 4000 шаршы метрден астам.Өрттің шығу себебі анықталуда." Абай облысы ТЖД баспасөз қызметі

Жергілікті жерде Өрт сөндіру штабы жұмыс істеуде. Күштер мен құралдар № 3 шақырудың жоғары дәрежесі бойынша жұмыс атқарып жатыр.

Оттың жоғары температурада және ауқымды болуы мен ғимараттың орналасуы, жанғыш материалдар өртті сөндіруге қиындық туғызуда.

Қазіргі уақытта өртті жоюға жеке құрамнан 349 адам, 47 бірлік техника және 1 өрт сөндіру пойызы жұмылдырылған.

Өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің функциялары кеңейді

Толыққанды жаңа инвестициялық кезеңді бастау керек – Тоқаев

Алматыда лайк үшін заң бұзғандар жазаланды

Бақытжан Темірболат Президент Кеңсесінің уақытша бастығы болады

Қазақстандағы орташа жалақы 460 мың теңгеден асты