Алматыдағы лай көшкіні: Жасөспірімнің денесі табылды

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматының Медеу ауданында төтенше жағдай орын алған жерден адамның денесі табылды. Іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сағат 10:00-дегі жағдай бойынша Алматыда жылжыма түскен жерде жедел штаб құрылды. Қазіргі уақытта жеке тұрғын үйді балшық массасынан тазарту және адамдарды іздеу жұмыстары жүргізілуде. 

"182 маман мен 32 техника жұмылдырылды. Жедел медициналық жәрдем бригадалары жұмыс істеуде." Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі

Туыстары мен көршілеріне шұғыл психологиялық көмек көрсетілді.
"Алматы қаласы ТЖД және Республикалық жедел-құтқару жасағының күштерімен алдын ала ақпарат бойынша топырақтың батпақтануына байланысты техногендік сипаттағы жылжыманың түсуі салдарынан ғимараттың зақымдануы себебінен қаза тапқан алдын ала болжам бойынша 2007 жылғы жас жігіттің денесі табылды." Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі
Іздеу-құтқару жұмыстары жалғасуда.
Ақпарат толықтырылады. Тек ресми деректерге сенуді сұраймыз.
Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Almaty Open турнирі: Медведев екінші жыл қатарынан бас жүлдені қанжығалады

Түркияда Қазақстан азаматшасы көз жұмды: СІМ қайғылы оқиғаны растады