"Қазселденқорғау" мекемесі Алматыдағы лай көшкінінің басты себебін атады

Сурет: Zakon.kz
"Қазселденқорғау" ММ мамандары Алматыдағы көшкіннің басты себебін анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Олардың айтуынша, көшкіннің болжамды көлемі 3200 м3 шамасында.

"2024 жылғы 8 ақпанда сағат 02:20-да тау баурайының орта бөлігіне тартылған су құбырының үзілуі салдарынан топырақ ылғалданған. Кейін Алматы қаласы, Медеу ауданындағы Олимпийская көшесінде орналасқан "Тау-Самалы" ықшамауданындағы №3А және №3 жеке тұрғын үйлерлі лай көшкіні басты." "Қазселденқорғау" ММ баспасөз қызметі

Сондай-ақ, тау беткейінің лесс тәрізді саздақтардан (шөгу топырақтары) тұратыны айтылды.

Бұл аймақтағы еңістің тіктігі шамамен 45-50 градус.


"Лай көшкіні Олимпийская көшесіндегі №3А қосалқы құрылыстары бар тұрғын үйді қиратып, жақын жердегі №3 тұрғын үй ішінара зақымданды". "Қазселденқорғау" ММ баспасөз қызметі

Алматыдағы Медеу ауданының әкімі Еркебұлан Оразалин Тау Самалы шағын ауданында лай көшкінінің орын алуына қатысты инженерлік желілердің жағдайына түсініктеме берді

Оның айтуынша, қазір Тау-Самал шағын ауданындағы жеке сектордың коммуникацияға қосылуы ретсіз және соның салдарынан қауіпті.

"Қазір Тау-Самалы шағын ауданында жеке сектордың коммуникацияларға қосылуы ретсіз әрі қауіпті. Жеке сектордағы көптеген тарату желілері стандарттарға сәйкес келмейді. Жақын арада бұл мәселені шешу үшін біз өткен жылдан бастап тарату желілерін салу бойынша жобаны әзірлеуге кіріскен болатынбыз. Біз "Балқаш" су көзін көрсеттік, жаңа скважиналар - бұл бірінші кезең. Екінші кезең-тарату желілерін жүргізу және су құбырымен қатар кәріз желілерін салу, өйткені таулы жерлерде септиктерді пайдаланатын жеке үйлер қауіпсіз емес", - деді Медеу ауданының әкімі Еркебұлан Оразалин.

Алматының Медеу ауданында 2024 жылдың 8 ақпанына қараған түні Тау-Самал ықшамауданында лай көшкіні жүрді. 

Қайғылы оқиға орнынан екі ересек пен екі баланың мәйіттері табылды.

Алматы
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты