Алматы облысында мектеп есепшісі 90 миллион теңге жымқырды

Сурет: Zakon.kz
Талғар ауданындағы мектеп есепшісі 90 миллион теңгеден астам қаржы жымқырды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Zakov.kz.

Алматы облысының прокуратурасы Талғар ауданындағы мектептердің бірінде есепшінің жалақыға арналған бюджет қаражатын ұрлау фактісін анықтады.

Бұл құқық бұзушылық мектепте жұмыс істемейтін қызметкерлері мен олардың туыстарына ақша аудару арқылы жасалған.

Алдын ала келтірілген шығын 90 млн. теңгеден асады және шығынды есептеу жалғасуда.

Аталған факті бойынша облыс прокуратурасы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодекстің 189 бабы 2-бөлігі 4-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалып (сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) тергеулігі бойынша Алматы облысы бойынша Экономикалық тергеу басқармасына жолданды.

Осыған ұқсас факт Еңбекшіқазақ ауданында да анықталып, тергеу қорытындысы бойынша мектеп есепшісі тергеу сатысында 10 млн. теңгеден астам шығынды өтеген.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Алматыда 12 жастағы баланы өлтіріп кетті: күдікті – 13 жаста

1 шілдеден бастап БЖЗҚ салымшылары зейнетақы жинақтарының 50% жеке инвестициялық компанияларға бере алады

Шымкентте көлік дүкенге соғылып, өртеніп кетті: екі адам жансақтау бөлімінде жатыр