"ҚазАвтоЖол" Қазақстан жүргізушілеріне үндеу жасады

Сурет: gov.kz
Ведомство ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңызы бар автожолдарды пайдаланушыларға ескерту жасады.

Айтуларынша, 13-14 ақпанда фронттардың әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы болжанады. Республиканың басым бөлігінде жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын болады, солтүстік облыстарда қалың қар жауады, бұрқасын, көктайғақ болады.

Еліміздің батысында, солтүстік, орталық және шығыс облыстарында 5 градус аяздан, -2 градусқа дейін жылынады деген болжам бар. Ал 15 ақпанға қарай республиканың батысында, солтүстік-батысында және солтүстігінде ауа температурасы түнде 22-32, күндіз 15-27 градусқа дейін төмендейді деп болжанды.

"Құрметті жүргізушілер! Қауіпсіздік мақсатында жол жүру ережелерін қатаң сақтап, төтенше жағдай кезінде ауа-райының қолайсыздығын ескеріп, ұзақ жолға шықпауыңызды сұраймыз. Еске сала кетсек, барлық шұғыл ақпарат Сапар мобильді қосымшасында орналастырылуда, сондай-ақ 1403 қысқа номері бойынша тәулік бойы колл-орталық жұмыс істейді", - делінген "ҚазАвтоЖол" хабарламасында.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Парламенттік реформа бойынша референдум қашан өтетіні белгілі болды

Бүгін "Қадір түні": Оқылатын дұғалар мен жасалатын амалдар

Қазақстанда спорттың жоғары жетістіктерін қаржыландыру тәртібі бекітілді

Қазақстан экономикасы үшін маңызды белгі: инфляция төмендей бастады