Құсбегіліктен XVII Қазақстан чемпионаты аяқталды

Сурет: pixabay
Құсбегіліктен он жетінші Қазақстан чемпионаты аяқталды. Ересектер арасында өткен жарыс үш күнге созылды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл - бесінші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындық. Біріншілікке еліміздің 10 облысы мен 2 қаласынан 100-ге жуық құсбегі қатысты.

Чемпионатты тамашалауға бүркітші қыз атанған Айшолпан Нұрғайыпқызы да келді.

Аты әлемге танымал құсбегі қатты жел соғып, адамдарға қолайсыздық туғызғанына қарамастан, сайыстың өте тартысты өткенін айтты, деп жазады qazaqstan.tv.

Жалпы,биылғы жарыста бірінші рет сайыстың барлық кезеңін айқын көрсетіп тұратын электронды табло мен шырға пайдаланылды.

Құсбегілік биыл 8-14 қыркүйек аралығында Астанада өтетін V Дүниежүзілік көшпенділер ойынының спорттық бағдарламасына енді.

"Қазір баяғыдай емес, енді тәй-тәй бастаған кезде құсбегілеріміз жан-жақтан тәжірибе алмасу дейді ғой ол жағы аз болды да. Қазір жарыс көп болғаннан кейін мықты. Әр облыс мықты қазір. Моңғолиядан келген қандастар, Қытайдан келген қандастар үлесін қосып жатыр қазір. Өзіміздің жергілікті құсбегілер де жан-жақты дайындалып жатыр. Мен ойлаймын өз басым жарысқа келген адамның әр қайсы чемпион деп ойлаймын." Арман Қошқаров, құсбегі
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды