Жас қазақстандық "ақылды термометр" жасады

Сурет: Абай облысы білім басқармасының баспасөз қызметі
Абай облысы Бесқарағай ауданының Мало-Владимировка орта мектебінің 10-сынып оқушысы Забара Мирон үй жағдайында термометр жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Абай облысы білім басқармасының баспасөз қызметі берген ақпаратқа сай, оның құрылғысымен кез-келген уақытта тіпті нәресте мен мүмкіндігі шектеулі адамдардың температурасын өлшеуге болады. Қол жеткізуге қиындық турдыратын орындарға жете алмайтын қарт адамдар, сәбилер үшін желім құрылғысы өте ыңғайлы және түсінікті.

Мирон мұндай заманауи және қол жетімді құрылғы медициналық салада да, әр үйде де қажет деп санайды. Сондықтан "ақылды термометр" жасауды жөн көрген. Ол алдымен термометрді зерттеді, содан кейін оны Arduino Uno бағдарламасымен жасады. Мәселелерді оңай және тез шешуге мүмкіндік беретін қол жетімді өнімдерді қолдана отырып, балалар мен қарттарға көмек көрсеткісі келді.

Құрылғы ауру адамдар, мүмкіндігі шектеулі адамдар және балаларда температураны үнемі бақылау үшін қолданылады.

Ол өзі бағдарлама кодтарын жазуды үйренді, өзінің әдісін ойлап тапты және макетін жасап шығарды. Зертханалық зерттеулер жүргізіп, термометр моделін құрды.


"Маған микроконтроллер, тақта, потенциометр, LM 35 температура сенсоры, LED экраны, пьезоэлемент, қосқыш сымдар қажет болды. Практикалық жұмысты қорытындылай келе, температура көтерілген кезде пьезоэлемент арқылы сигнал беріледі. Бұл сигнал арқылы ұялы телефонға хабарлама келеді", - дейді Мирон.

Болашақта студент өз жобасын тәжірибеден әлі де өткізіп, дамытқысы келеді. Адамның жүрек соғу жиілігін өлшейтін және қан қысымын көрсететін сенсорларды қосуды жоспарлап отыр. Сондай-ақ науқастың денсаулығын, қауіпсіздігін анықтау үшін қолданбақшы.

Проект жетекшісі информатика пәнінің мұғалімі Құнанбаева Әсел Ғұмарқызы.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты