Таразда ауыз суды көлік жуу орындарында пайдаланғандар анықталды

Сурет: pixabay
Таразда көлік жуу кешендері, қоғамдық моншалар мен бассейндер ауыз суды техникалық мақсатта пайдаланып келген.

Заңсыз су пайдаланғандар нысан саны 300-ден асады. Айталық, облыс орталығындағы жалпы есептегі 137 моншаның тек екеуінде ғана су пайдалану туралы ресми рұқсаты болған.

Ал 146 көлік жуу орталығының 7-нің тиісті құжаты бар. Бұдан бөлек, 34 қоғамдық бассейннің бірде біреуі заңды жұмыс атқармаған, деп жазады qazaqstan.tv.

Салдарынан қазына қаржысына салық түсімдері түспеген. Тіршілік көзін түрлі мақсатта ысырып қылғандардың әрекетін былтыр құрылған облыстық табиғатты қорғау прокуратурасы анықтады.

Кәсіпкерлік нысандар ауыз су ретінде пайдаланылатын жер асты суын "Шу талас бассейні" инспекциясының рұқсатымен пайдалануы тиіс.

Алайда рұқсаты жоқ кәсіпкерлер "Жамбыл су" мекемесінің суын пайдаланған. Айта кетейік, орта есеппен бір монша жылына 11 мың мен 20 мың тонна аралығында су пайдаланады.

"Кәсіпкерлерге бірінші маусымға дейін уақыт берілді, бүкіл мынау ауыз су алуды заңдастыру жөнінде. Егер одан кейін заңдастырмаса онда Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 41-ші бабына сәйкес, әкімшілік айыппұл салынады. Ол 40 АЕК 260 АЕК аралығында." Еркін Әлмаханов, Жамбыл облысы табиғатты қорғау прокуратурасының аға прокуроры
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі