Астана әуежайының терминалынан адамдар эвакуацияланды

Сурет: ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі елорда әуежайындағы терминалдар арасында қатты түтіннің пайда болғанын хабарлады. Қазір келушілер эвакуацияланып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.


"112 нөміріне Астана халықаралық әуежайы терминалының электр қалқанында өрт шыққаны туралы хабарлама түсті. Сыртқы белгілерге сәйкес, №1 және №2 терминалдар арасындағы галереяда қатты түтін бар, эвакуациялау жұмыстары жүргізілуде", - делінген департамент мәлімдемесінде.

Сағат 08:24-те өрт сөндірілді. 10-15 шаршы метр жану орын алған. No2 терминалдың серверлік бөлмесіндегі электр кабельдері өртенген.

Зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ.

Бұған дейін әуежайдың баспасөз қызметі бірыңғай уақыт белдеуінің енгізілуіне байланысты рейстерде мүмкін болатын өзгерістер туралы ескерткен болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Парламенттік реформа бойынша референдум қашан өтетіні белгілі болды

Бүгін "Қадір түні": Оқылатын дұғалар мен жасалатын амалдар

Қазақстанда спорттың жоғары жетістіктерін қаржыландыру тәртібі бекітілді

Қазақстан экономикасы үшін маңызды белгі: инфляция төмендей бастады