Көктемде қанша қазақстандық әскерге шақырылады

Сурет: akorda.kz
2024 жылдың 1 наурызында Қазақстанда көктемгі әскерге шақыру науқаны басталды. Қаншама жас әскер қатарын толықтырады, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаменті бастығының орынбасары Азамат Досымов атап өткендей, көктемгі әскерге шақыру науқаны 30 маусымға дейін жалғасады.

"Қарулы Күштер мен әскери құралымдардың қатарын әскерге шақырудан кейінге қалдыруға немесе босатуға негіз жоқ 18 бен 27 жас аралығындағы 20 мыңнан астам мерзімді әскери қызметші толықтырады.Осылайша, Қарулы Күштерге 9 мыңнан астам, Ұлттық ұланға - 6 мыңнан астам, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне - 3 мыңға жуық, Төтенше жағдайлар министрлігіне - 300-ден астам және Мемлекеттік күзет қызметіне - 300-ге жуық әскер қатарына шақырылғандар", – дейді Азамат Досымов.

Бұған дейін Қазақстанда Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери қызметшілері үшін бірыңғай киім үлгісі енгізілген болатын.

Енді әскери қызметкерлер түкті (қаракөл) жағасы бар қысқы күртешенің орнына аляска үлгісіндегі күрте киетін болды. Сонымен қатар, бас киімдер аға офицерлерді қоспағанда, қалқасыз болады. Көктем мен күз маусымында пальто камуфляжды далалық күртеге, ал жемпір далалық күртеге ауыстырылды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты