Атырау облысында полиция мемлекетаралық іздеуде жүрген Өзбекстан азаматын анықтады

Сурет: polisia.kz
Атырау облысы бойынша 100-ден астам борышкерлерге сот орындаушылардың қаулылары негізінде іздеу жарияланса, есепті мерзім соңында 79 борышкердің тұрғылықты жерлері анықталып, арнайы есептерден түсірілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Іздеу жарияланған борышкерлердің ішінде Қазақстан Республикасының азаматтарымен қоса шетелдіктер де кездеседі. Мысалы, 27 ақпан күні жүргізілген іс-шаралар барысында борышкер санаты бойынша мемлекетаралық іздеуде жүрген 33 жастағы азамат анықталды.

Аталған шетелдік борышкерге 2022 жылдың 5 желтоқсан күні сот қаулысымен 53 603 теңге әкімшілік айыппұл салынған. Сонымен қатар тексерулер барысында шетелдіктің еліміздің аумағында болу заңдылығын бұзғандығы анықталды. Нәтижесінде, борышкерден мемлекет пайдасына берешегін толықтай өндіру бағытында шаралар қабылданып, айыппұл өндіріліп, жазбаша түсініктемесінің негізінде іздестіру есептерінен түсірілді.

Еліміздің аумағында болу мерзімі өтіп кеткен аталған шетелдікке қатысты Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 517-бабы 4-бөлімімен іс-құжаттар жинақталып, жауапкершілікке тартылды.

Атырау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Тұман, үсік, көктайғақ". Сейсенбіде еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Арабтар мұнайын Сингапурдың жер асты қоймасында сақтайтын болды

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Отбасының цифрлық картасы қалай толтырылып, жүргізіледі

Қазақстан мен Қытай "Қорғас" халықаралық орталығында қауіпсіздікті қамтамасыз етпек