Солтүстік Қазақстан облысының прокурорлары жалған екпе қою фактілерін анықтады

Сурет: pixabay
Облыстық денсаулық сақтау мекемелеріндегі тексерулер медициналық мақсаттағы бұйымдарды ұтымсыз пайдалану, жалған екпе қою және ресми құжаттарды бұрмалау сияқты өрескел заң бұзушылықтарды анықтады.

Осылайша, санитарлық ережелердің талаптарын бұза отырып, денсаулық сақтау қоймасында 7,8 млн.теңге сомасында 1,8 мың доза көлемінде қызылша, паротит, қызамық және А гепатитіне қарсы жарамдылық мерзімі өтіп кеткен вакциналар болғаны анықталды.

Прокурорлық тексерулер қызылша мен сібір жарасына қарсы жалған екпенің 70-тен астам фактісін, сондай-ақ қалалық емханалардың бірінің медицина қызметкерлерінің ресми құжатты бұрмалау фактілерін анықтады.

4 ақпанда прокуратура органдарының материалдары негізінде Петропавл қалалық полиция басқармасы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 385-бабы "Жалған құжаттарды қолдан жасау, дайындау және өткізу бойынша" сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, тергеу әрекеттері жүргізілуде.

"Жалпы, анықталған бұзушылықтар медициналық мекемелердің Бюджет кодексінде көзделген заңды негіздемесіз иммунобиологиялық препараттарды сатып алуға өтінімдерді қалыптастыруына байланысты орын алған." Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды