Өзбекстанда 14 мыңға жуық тұтынушы жарықсыз қалды

Сурет: pixabay
Өзбекстанда қатты жел мен жаңбырдан электр желілеріне зақым келіп, 14 мыңға жуық тұтынушы жарықсыз қалды.

Самарқан мен Жызақ облыстарында қуат көздерін тарататын нысандарда ақау болған. Бұл туралы елдің энергетика министрлігі хабарлады.

Ташкентте толассыз жауған жауынның салдарынан көшелер көлге айналды. Бұл көлік қозғалысына айтарлықтай кедергі келтіріп жолдарда ұзын сонар кептеліс орын алды, деп жазады qazaqstan.tv.

Шахардағы қосалқы стансалардың бірінде ақау шығып, Мирабад пен Сіргелі аудандарында 4 мыңға тарта абонент электр жарығынан ажыратылған.

"Арнайы бригада ақауды жоюға кірісті.Қысқа мерзімде жағдай ретке келтіріліп, тұрғындар электр қуатымен қамтамасыз етіледі.Қолайсыздық үшін тұтынушылардан кешірім сұраймыз",- делінген энергетика министрлігі таратқан ақпаратта.
Өзбекстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін