Қазақстан арқылы Өзбекстанға газ тасымалдау артады

Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Ресей газын Қазақстан аумағы арқылы Өзбекстанға жеткізу көлемі 2026 жылдан бастап 4 есеге жуық артады.

Яғни көгілдір отын тасымалы қазір жылына 3 млрд текше метр болса, енді 11 млрд текше метрге жетеді деген жоспар бар.

"Газпром" хабарлауынша, тасымал құны былтыр бір текше метріне 160 долларды құраған.

Бұл Түркия мен Қытайға жеткізу құнымен салыстырғанда әлдеқайда төмен. Ресейдің "Газпром" компаниясы 2023 жылы Өзбекстанмен 2 жылға келісім-шарт жасасқан, деп жазады qazaqstan.tv.

Келісім бойынша тәулігіне 9 млн текше метр газ жеткізу жоспары бар.

Айта кетейік, өзбек елі Қазақстан аумағы арқылы Ресей газын импорттауды былтыр қазан айында бастады. Желтоқсанда энергетикалық тапшылық туындаған соң, Ташкент газ тасымалы көлемін екі есеге арттырды

Қазақстан
Өзбекстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда қалың қар мен нөсер жаңбыр жауып, -9 градусқа дейін аяз болады

Енді қазақстандықтар бес елде QR-код арқылы төлем жасай алады

30 қазандағы доллар, еуро және рубль бағамы: үш қаладағы айырбас курсы

Азық-түлік 18%-ға қымбаттауы мүмкін: Дүниежүзілік банк дабыл қақты

Түркі әлемінің әуені мен Димаштың өнері: Тоқаев Түркияда концерт тамашалады