Депутат: Оқушылар мектепте насыбай атып жүр

Сурет: Zakon.kz
"4-5 сынып оқушылары мектепте емін-еркін насыбай атып жүр". Мәжіліс депутаты Жарқынбек Амантайұлы осылай деп дабыл қақты.

Депутат зиянды затқа заңда тыйым салынғанына қарамастан, сауда орындарында, базарлар мен дүкендерде еркін сатылып жатқанын сынға алды.

Сондай-ақ ол насбайдың "Шайнайтын табак", "Снюс", "Шайба" деген атаулармен де кеңінен таралып жатқанын айтты.

Ол насыбайды не мәдениетке, не әдепке, не гигиенаға сай келмейтінін,соған қарамастан оны халықтың 10 пайыздан астамы қолданатынын жеткізді.

Мәселені шешу үшін депутат осы бағыттағы заңды қатаңдатып, оның құрамын жіті зерттеп, халық арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізуді ұсынып, Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова мен Ішкі істер министрі Ержан Сәденовке депутаттық сауал жолдалды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Тұман, үсік, көктайғақ". Сейсенбіде еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Отбасының цифрлық картасы қалай толтырылып, жүргізіледі

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Арабтар мұнайын Сингапурдың жер асты қоймасында сақтайтын болды

Қазақстан мен Қытай "Қорғас" халықаралық орталығында қауіпсіздікті қамтамасыз етпек

Жалға алынған жерді жеке меншікке рәсімдеу тәртібі бекітілді