Серік Саиров "Қазгидромет" мамандарының болжамынша, наурыз айының соңына дейін температура фонының жоғарылауы күтілетінін, бұл қардың қарқынды еруіне және су басу қаупіне әкелетінін айтты.
"Ресей Федерациясымен шекаралас аймақтарға, атап айтқанда, Жайық өзені мен оның салалары мен Тобыл бассейндеріне ерекше назар аудару қажет. Қазір Орынбор және Челябі облыстарында, сондай-ақ Башқұртстан Республикасында, Рогидрометтің мәліметінше, жиналған қар көлеміне байланысты қолайсыз су тасқыны жағдайы қалыптасты", - деп қосты "Қазгидромет" РМК өкілі.
Оның айтуынша, қазіргі уақытта тәуекел деңгейі жоғары өңірлер: Абай, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Жетісу облыстары.
"Тәуекел деңгейі орташа: Атырау, Жамбыл, Қызылорда, Павлодар, Түркістан, Ұлытау облыстары. Төмен тәуекелдер: Маңғыстау облысы. Гидрологиялық мониторинг 377 гидрологиялық бекетте жүргізілуде, өзендердегі су деңгейінің күрт және қауіпті ауытқуы кезінде бақылаулар жүргізіледі", - деді Саиров.
2024 жылғы 4 наурызда "Қазгидромет" республикалық мемлекеттік кәсіпорны (РМК) 2024 жылға арналған су тасқынының негізгі болжамын жариялады.