Қызылордада "синтетика" сақтаған азамат бас бостандығынан айырылды

Сурет: Zakon.kz
Қызылорда қалалық соты синтетикалық есірткі затын сақтаған 37 жастағы тұрғынға үкім шығарды.

Қызылорда облыстық ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде 2023 жылдың сәуір айында Қызылорда қаласында Ravon R4 автокөлігі тоқтатылды.

Автокөлік ішінен және жолаушыларынан есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар тәркіленді.

Зерттеу сараптамасымен тәркіленген зат 2,78 грамды құрайтын психотроптық зат екені расталды. Психотроптық заттын иесі затты тауып алғанын, содан кейін оны құрбыларымен бірге қолданғанын айтып, өзінің кінәсін мойындады.

Өкінетінін жеткізіп, жеңіл жаза тағайындауды сұрады. Соттың үкіміне сәйкес, оған үш жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, мемлекет кірісіне сот-сараптамаларын жүргізуге жұмсалған процестік шығын үшін 906 705 теңге және ҚР жәбірленушілерге өтемақы қорына 69 мың теңге мәжбүрлі төлем өндіріледі.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Almaty Open турнирі: Медведев екінші жыл қатарынан бас жүлдені қанжығалады

Әлемдік концерттік туры аясында Димаш Құдайберген өзінің авторлық әндерін орындауда