Еліміздің төрт өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты кейбір жол учаскелері жабылды

Сурет: "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ
15 наурыз сағат 20:00-дегі жағдай бойынша ауа райының қолайсыздығына байланысты төрт облыстағы республикалық маңызы бар жеті тас жолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақмола облысында жалпы ұзындығы 61 шақырымды құрайтын "Екатеринбург-Алматы" Жібек Жолы ААП - Қарағанды облысының шекарасы тас жолы жүк және қоғамдық көлік түрлері үшін жабылды.

Өңірде қар жауып, айналаның көріну деңгейі төмендеген, көктайғақ болып, қатты жел соғып тұр.

Қарағанды облысында жалпы ұзындығы 556 шақырымды құрайтын 4 тас жолдың кей учаскелері жабылды:

Өңірде қар жауып, айналаның көріну деңгейі төмендеген, көктайғақ болып, қатты жел соғып тұр.

Павлодар облысында жалпы ұзындығы 71 шақырымды құрайтын "Қызылорда-Павлодар" тас жолының Қарағанды облысы шекарасынан Шідерту ауылына дейінгі аралығы қоғамдық және жүк көлік түрлері үшін жабылды.

Ұлытау облысында жалпы ұзындығы 32 шақырымды құрайтын "Қызылорда-Павлодар" тас жолының Атасу ауылынан Қарағанды облысы шекарасына дейінгі аралығы қоғамдық және жүк көлік түрлері үшін жабылды.

"Қазіргі сәтте республикалық маңызы бар автожолдарды күтіп–ұстауға 611 бірлік техника және 1250 жолшы жұмылдырылған". "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ баспасөз қызметі

Қарағанды
Павлодар
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Арапа күні не істеу керек: оқылатын дұғалар мен жасалатын амалдар

Бектенов Ашхабадтағы ТМД үкіметтері басшылары кеңесінің отырысына қатысты

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Шағын футболдан Еуропа чемпионаты: Қазақстан Венгрия құрамасын ұтып, финалға жолдама алды

Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды