Жалған төлқұжат пайдаланған ауғандықтар Еуропаға Алматы арқылы жетпек болған

Сурет: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі
ҰҚК Шекара қызметінің "Алматы" шекаралық бақылау басқармасы ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаментімен бірлесіп және прокуратураның үйлестіруімен Ауғанстан азаматтарының Ресейге заңсыз көшіп-қону арнасының жолын кесті. Олар Қазақстан арқылы Еуропа елдеріне өтпек болған.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің нақтылауынша, 16 наурызда төрт ауған азаматы шенеунікке 5 мың доллар көлемінде пара бермек болған жерінде ұсталды.


"Тергеу деректері бойынша, бұл қаражат Испания мен Португалия елдерінің жалған төлқұжаттарын пайдаланып, Алматы халықаралық әуежайы арқылы шетелдіктерді тасымалдауды ұйымдастыруға арналған.Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 394-бабының 1-бөлігінде және 367-бапта көзделген қылмыстар бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде". Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі

Соттың санкциясымен ұсталған тұлғаларға қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге де мәліметтер жария етілуге ​​жатпайды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Алматыда самокаттарға қатысты рейдтер жалғасып жатыр

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

Президент: "Заң мен тәртіп" тұжырымдамасы – еліміздің жарқын болашағын құрудың маңызды тетігі

Қазақстан балмұздақ өндіруден рекорд орнатты