Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы әуе рейстерінің саны төрт есе көбейеді

Сурет: Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі
Алматыда Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасының авиациялық билігі арасында екіжақты келіссөздер жүргізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Салтанат Томпиева Корея Республикасы Азаматтық авиация кеңсесінің бас директоры Йонг Коок Киммен кездесу өткізді.

"Келіссөздер нәтижесінде тараптар елдер арасындағы рұқсат етілген рейстердің жалпы санын аптасына 10-нан 42-ге дейін ұлғайтуға келісті. Сондай-ақ аптасына 40 жүк рейсін, оның ішінде "әуе еркіндігінің" бесінші дәрежесін пайдалану құқығын беру туралы келісімге қол жеткізілді", - деліген хабарламада.

Келіссөздер барысында бағыттар мен тағайындалған тасымалдаушылар санына қойылған шектеулер алынып тасталды, бұл бәсекелестікті арттыруға және елдер арасындағы ұшу географиясын кеңейтуге мүмкіндік береді.

Тараптар әуе тасымалдаушыларының екі елдің астаналары арасында тікелей әуе қатынасын орнату ниетін қолдады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Ішкі істер министрлерімен кездесті

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді