Ербол Оспанов денсаулық сақтау вице-министрі лауазымына тағайындалды

Сурет: ukimet.kz
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Ербол Оспанов бұрынғы қызметінен босатылып, денсаулық сақтау вице-министрі қызметіне тағайындалды,- деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 1 сәуірде Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

Ербол Оспанов 1977 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. 1998 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін, 2002 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетін бітірген.

Еңбек жолын 1999 жылы "Қазгипрожелдортранс"АҚ инженері болып бастаған.

"Қазақстан темір жол көлігі ғылыми-зерттеу институты" ЖШС-де жоба жетекшісі, "Қаржы жүйелерін ақпараттандыру орталығы"АҚ-да жетекші инженер-жобалаушы болып жұмыс істеді.

Әр жылдары "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ, "Зерде "ұлттық инфокоммуникациялық холдингі" АҚ, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің құрылымдарында басшылық қызметтер атқарды.

2020 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметінде болды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Ондай жан енді қайталанбайды": Баян Алагөзова Меруерт Өтекешеваға тағы да ерекше ықыласын білдірді

Қазақстанда күн райы күрт бұзылады: 5-7 қарашада қалың қар жауып, күн суытады

Айдос Сарым Президент Жолдауын тарихи міндеттерді айқындайтын құжат деп таныды

"Нөсер жаңбыр жауып, үсік жүреді". Еліміз бойынша 5 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Қазақстанның курорттық аймағында психотроптық препараттар таратылған