Ербол Оспанов ҚР денсаулық сақтау вице-министрі болып тағайындалды

Сурет: primeminister.kz
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Ербол Оспанов бұрынғы қыметінен босатылып, денсаулық сақтау вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ербол Оспанов 1977 жылы Түркістан облысында дүниеге келген. 1998 жылы әл-Фараби атындағы қазақ мемлекеттік ұлттық университетін, 2002 жылы қазақ ұлттық аграрлық университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 1999 жылы "Қазтеміржолкөлікжобалау" АҚ-да инженер болып бастады.

"Қазақстан темір жол көлігінің ғылыми-зерттеу институты" ЖШС жоба жетекшісі, "Қаржы жүйесін ақпараттандыру орталығы" АҚ-да жетекші инженер-жобалаушысы болып қызмет атқарды.

Әр жылдары "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ, "Зерде" ұлттық инфокоммуникациялық холдингі" АҚ, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінде басшылық қызметтер атқарды.

2020 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметін атқарды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Ондай жан енді қайталанбайды": Баян Алагөзова Меруерт Өтекешеваға тағы да ерекше ықыласын білдірді

Қазақстанда күн райы күрт бұзылады: 5-7 қарашада қалың қар жауып, күн суытады

Айдос Сарым Президент Жолдауын тарихи міндеттерді айқындайтын құжат деп таныды

"Нөсер жаңбыр жауып, үсік жүреді". Еліміз бойынша 5 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Қазақстанның курорттық аймағында психотроптық препараттар таратылған