Еріген қар суына батып бара жатқан қоян құтқарылды

Сурет: Ақмола облысы ТЖД
Ақмола облысында құтқарушылар жануарларды да жаппай эвакуациялауда. Олар бір күнде түйелерді, жылқыларды, тіпті жабайы қоянды да аман алып қалған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Красный Яр ауылы маңында 8 жылқы құтқарылды. Олар Чаглинка өзенінің тасуына байланысты суда қалып қойған.

Сурет: Ақмола облысы ТЖД

"Тайтөбе ауылының маңында түйелерді құтқару жалғасуда. Оларды астана қаласынан келген ТЖД қызметкерлері құтқаруда, қазіргі уақытта үш түйені алып шықты. Ал, шымкенттік құтқарушылар бүгіндікке ең қызықты құтқару жұмысымен айналысты. Олар жабайы қоянның суға батып бара жатқанын көріп, құтқарып үлгерген. Артынша, қоянды қауіпсіз дала аймағына босатты.",- делінген ведомства мәліметінде.

Сурет: Ақмола облысы ТЖД

Сонымен қатар, құтқарушылар жергілікті тұрғындарға үй жануарларын ойпатты аймақтармен, су шайып өткен мекендерге жібермеуге кеңес беруде.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты