Қырғыз елі жіберген гуманитарлық жүк көліктері Түркістанға келіп жетті

Сурет: ҚР ТЖМ
Гуманитарлық көмекке арналған жүктер тиелген 15 фура Қырғызстан Республикасынан Түркістан қаласына келіп жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қырғыз Республикасы ТЖМ вице-министрі Урматбек Шамырқанов су тасқыны орын алған өңірлерге арналған жүкті басқарып келді. Қазақстан аумағындағы Түркістан қаласынан автоколоннаны облыс облыстық ТЖД бастығының орынбасары Ержанов Асхат қарсы алды.

Қазақстан Республикасының аумағы бойынша облыстардың полиция департаменттерінің бөлімшелерімен сүйемелдеу жұмыстары ұйымдастырылды.

Гуманитарлық жүк Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарына арналған.

Айта кетсек, 6 сәуірде Қырғыз елінен шыққан 15 фура гуманитарлық жүк Жамбыл облысына келіп жеткен болатын. Сондай-ақ қос елдің көшбасшылары телефон арқылы сөйлесті. Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынына байланысты бауырлас елдің көрсеткен көмегі үшін Садыр Жапаров пен Қырғызстан халқына алғыс айтты.

Түркістан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

"Тұман түсіп, қатты жел тұрады". Дүйсенбіде еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Қазақстанда бір күнде 12 орман өрті тіркелді

Елді мекендердің бас жоспарларын бекіту қағидаларына өзгерістер енгізілді