Облыс әкімі орынбасарының айтуынша, аймақтағы жағдай әлі күнге дейін күрделі. Жағдайды тұрақтандыру үшін 8 сәуір күні кешке қосымша Қорғаныс министрлігінен 313 әскери қызметші келген.
"Сергеевка су қоймасының сыйымдылығы 182%-ға жетті. Есіл өзенінің жағалауында кептеліс орын алған жоқ. Су қоймасына аққан су – 425 см. Осыдан 3 аудан мен Петропавл қаласын су басу қауіпі төніп отыр.",-деді БҚО облысы әкімінің орынбасары
Ол су тасқыны жағдайы тұрақты бақылауда екенін айтты.
"Қар жамылғысы 30%-ға дейін жетеді. Әлі де 219 елді мекенді су басу қауіпі жоғары. 40 үйдің 13-ін су басып қалған. 286 адам эвакуацияланып, 44 адам үйлеріне қайтарылды. 111 үйдің маңын су басты",- деп толықтырды Қанат Дүзелбаев.
Оның айтуынша, қолда бар ауыр техникалар аудандарға жөнелтілді. Сонымен қатар, ұйымдарға бекітілген техникалар да жұмылдырылуда.
"Автожолдарда 59 су тасқыны тіркелді. Оның 19-ы белсенді. Жолдың жеті бөлігі ашылды. Суды сору, арықтарды тазалау, арналарды кеңейту және тереңдету жұмыстары жүргізілуде. 80 мың дана қап құм дайындалды. Оның қазіргі уақытта 41 мыңы төселді.1874 жеке құрам мен 1154 ерікті, 286 техника, 146 мотопомпа, 20 жүзу құралдары жұмылдырылды."
Бүгінде Петропавл қаласы мен Қызылжар ауданының елді мекендерінің айналасындағы қорғаныс жағалауларын нығайту жұмыстары жүргізілуде.
Сондай-ақ, 9 сәуірде Тайыншын ауданында өтемақы төлеуге өтініштер қабылдау басталды.