Қостанайда қараусыз қалған 10 мыңға жуық тұрғын үйді полиция күзетіп жүр

Сурет: polisia.kz
Су басып, қараусыз қалған он мыңға жуық тұрғын үй мен басқа да ғимараттарды полицейлер күзетіп отыр. Ұрлық-қарлық тіркелмеген.

Бұл туралы Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев мәлімдеді.

Жалпы, құтқару және су тасқынына қарсы іс-шараларына 4 мыңнан аса полиция қызметкері мен ұлттық ұланның әскери қызметшілері, сондай-ақ, курсанттары да жұмылдырылған, деп жазады qazaqstan.tv.

700 қызметтік техника жеткізілген. Олар арық қазып, құм төсеп, басқа да көмек түрлерін көрсетіп жатыр. Қараусыз қалған мүлікті күзету үшін полиция 45 елдімекенді бақылауға алды.

"Қостанайда су басқан аймаққа кіруге тыйым салынған полиция қызметкерлерінің талаптарына бағынбағаны үшін 4 адам жауапқа тартылды. Мәселен, 6 сәуірде тереңдігі бір метрге жететін су басқан аймаққа өтпек болған мас күйіндегі адамдар тоқтатылды." Қайсар Сұлтанбаев, ҚР Ішкі істер министрлігі әкімшілік полиция комитетінің төрағасы
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін