Алматыда әуежай жұмысшысы сақтау қоймасынан бірнеше рет ұрлық жасаған

Сурет: akorda.kz
Алматы қаласының әуежайындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері, Алматы – Дубай, Алматы – Прага және Алматы – Гонконг халықаралық бағыттары бойынша әуежайдағы уақытша сақтау қоймасы аумағында бөтеннің мүлкін ұрлаумен айналысқан 29 жастағы азаматтың қылмыстық әрекетінің жолын кесті.

Ұсталған азамат әуежайдың уақытша сақтау қоймасында жүк тиеуші болып жұмыс істеп жүріп, осы жылдың қаңтар-наурыз айлары аралығында жалпы сомасы 7 645 371 теңге құрайтын мүлікті ұрлаған.

Көлік полицейлерімен жедел тәртіпте ұрлық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуі барысында заттай дәлелдемелер тәркіленді.

Алматы қаласы Түрксіб аудандық сотының үкімімен құқық бұзушы барлық ауыр фактілер бойынша кінәлі деп танылып, оған 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Өз кезегінде, еліміздің әуе көлігі қызметтерін пайдаланатын азаматтарға жеке заттарына қырағы болуды, сақтық шараларын сақтауды, құқық бұзушылық анықталған жағдайда құқық қорғау органдарына дереу хабарлауды тағы да еске саламыз.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді

Ақмолалық тұрғын Грузиядан Toyota Highlander сатып алмақ болып, миллиондаған теңгесінен айырылды

Құрбысы екеуі мотоциклмен келе жатып арқанға соғылған: Риддерде оқушы қыз қаза тапты

Жасанды бал сатқандарға 20 тамыздан бастап қомақты айыппұл салынады

Қазақстан Сыртқы істер министрлігінде кадрлық ауыс-түйіс болды