Денсаулық сақтау министрлігі су тасқыны кезіндегі судың сапасы туралы айтты

Сурет: ҚР ДСМ баспасөз қызметі
13 сәуірде ҚР Денсаулық сақтау министрлігі су тасқыны кезіндегі судың сапасы туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомства берген ақпаратқа сай, аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау органдарының мамандары су тасқынынан зардап шеккен өңірлердегі халыққа берілетін судың сапасына мониторинг жүргізуде.

Мониторинг барысында орталықтандырылған және орталықтандырылмаған сумен жабдықтау көздерінен санитариялық-химиялық, микробиологиялық талдауларға сынамалар алынды.

Су тасқыны басталғаннан бері орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ауыз сумен жабдықтау көздерінен 6 мыңнан астам ауыз су сынамасы алынды.

Жалпы, сәйкес келмейтін сынамалар бойынша көрсеткіш 2022-2023 жылдардың қорытындылары бойынша орташа республикалық жылдық көрсеткіштен аспайды.

Сәйкес келмейтін сынамалар бойынша жергілікті атқарушы органдар мен су шаруашылығы ұйымдары ауыз судан қорытынды санама ала отырып, қауіпсіз ауыз су беруді, су құбыры желілері мен құрылыстарын жууды және дезинфекциялауды жүргізу жөнінде басқарушылық шаралар қабылдау үшін хабардар етіледі.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет бизнес бастауға ниетті кәсіпкерлерге 1,7 млн теңге үлестіруде: өтінімдерді қашан және қайда өткізеді

Тоқаев сайлау туралы заңға түзетулерге қол қойды

700-ден астам ескертпе мен қате: Қазақстанда мектеп оқулықтары қашан жаңартылады

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

Ақмола облысында полицейлер биіктіктен секірмек болған қызды аман алып қалды