Алдағы күндері қай өңірдегі өзендерде су деңгейі көтеріледі деп күтілуде

19 сәуірде "Қазгидромет" РМК алдағы тәулікке арналған ауа райы болжамын айтып, қай өңірлерде су деңгейінің көтерілуі күтілуде екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Синоптиктердің айтуынша, Республикамыздың басым бөлігі ауқымды антициклон әсерінде болғандықтан жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Тек еліміздің солтүстігінде және шығысында, күндіз оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты жаңбыр, шығыста, оңтүстікте найзағайлы жаңбыр сақталады.

"19–22 сәуір аралығында Шығыс Қазақстан және Абай облыстарында жауын шашын болжамына, сондай-ақ орта таулы аймақтарда қардың қарқынды еруінің жалғасуына байланысты, беткейлік ағынның қалыптасуы, өзендердегі су деңгейінің одан әрі көтерілуі және қауіпті деңгейден асуы күтіледі." "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі

Бұдан өзге, Ақмола облысының Қорғалжын ауылында Нұра өзенінің гидрологиялық бекетінде су деңгейінің 4 сағат ішінде 6 см-ге көтерілуі жалғасуда. Қазіргі кезде су деңгейі қауіпті деңгейден 5 см-ге асқан.

"Сондай-ақ Қорғалжын ауылындағы шағын автомобиль көпірі арқылы су ағып жатыр. Өзеннің орта ағысынан, жылғалар мен жазықтардан ағынның келуіне байланысты өзендегі су деңгейі көтерілді. Су деңгейінің одан әрі көтерілуі күтілуде", - деді "Қазгидромет" РМК баспасөз хатшысы Алина Исмагулова.

19 сәуір күні таңертең ҚР ТЖМ Астанада еріген су, даңғылдардың бірін шайып кеткенін хабарлады.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: