ҰҚК арнайы операциясы: Ауғанстандық есірткіні Қазақстан арқылы Еуропаға жеткізбек болған

Сурет: Zakon.kz
Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) еуропалық елдермен есірткінің заңсыз айналымына қарсы бірлескен операция жүргізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті өткен жылдың соңында "Солтүстік бағдар" деп аталатын халықаралық есірткі жеткізу арнасының жолын кесу бойынша операцияны іске асырды.

Жедел жете тексеру барысында Ауғанстаннан Қазақстан аумағы арқылы Еуропа елдеріне героин контрабандасының қолданыстағы арнасы анықталды.


"Комитет шетелдік серіктестермен және Германияның құзыретті органдарымен өзара іс-қимыл жасай отырып, халықаралық есірткі синдикаттарының бірінің дамыған желісін анықтады. Жете тексерудің соңғы кезеңі Германияда 60 кг апиын мен 12 кг метамфетаминді тасымалдау кезінде екі шетелдікті ұстау болды." ҰҚК баспасөз қызметі

Германияның құқық қорғау органдары сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.

Ағымдағы жылдың ақпанында басқа жете тексеру шеңберінде трансұлттық есірткі құрылымына қатысушылардың ауған есірткілері контрабандасының кезекті халықаралық арнасын ұйымдастыру ниеттері әшкереленді.

Есірткі тізбегінің барлық буындарын жою мақсатында Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының үйлестіруімен еуропалық серіктестермен өзара іс-қимыл ұйымдастырылды. Қабылданған шаралардың нәтижесінде есірткі арнасының негізгі ұйымдастырушысы – Испания азаматы ұсталды, одан Қазақстан арқылы Ауғанстаннан Еуропаға жеткізілген 10 кг метамфетамин алынды.

Еуропада алынған есірткінің нарықтық құны 2.5 млн АҚШ долларынан артыққа бағаланып отыр.

Есірткі трафигінің халықаралық арналарын бейтараптандыру жөніндегі іс-шаралар жалғасуда.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды