Қазақстандағы су тасқыны: 8 мың үйден су сорылды

Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Қазақстанда 8189 тұрғын үй мен 2988 аула аумағынан су бөлініп, айдалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ТЖМ-де барлығы 14 млн текше метрден астам еріген су айдалғанын, 7,7 млн астам қапшық және 1,5 млн тонна инертті материал төселгені хабарланды.

Атырау облысы Атырау және Құрманғазы ауданында Жайық өзенінің су деңгейіне мониторинг және жағалауды нығайту жұмыстары жалғасуда. Құлсары қаласында тәулігіне 150 мың текше метр су бұрылды. Қалған су басқан 216 үйді сору жұмыстары жүргізілуде.

Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданының Зубовск кентінде 18 аула аумағынан су бұрылып, айдалды. Жағалауды нығайту жұмыстары, су басқан аумақтардан су айдау және өзен деңгейіне мониторинг жалғасуда.

Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл және Қызылжар аудандарында су тасқынына қарсы жұмыстар жалғасуда. Тәулігіне жылжымалы сорғы станциялары мен мотопомпалардың көмегімен 356 су басқан үйден су бөлініп, сорылды, барлығы 27 мың текше метрден астам су сорылды.

Авариялық-құтқару және су тасқынына қарсы жұмыстарға 14 мыңнан астам адам және 1523 бірлік техника, 244 су айдау құралы және 79 жүзу құралы, 4 әуе кемесі жұмылдырылды.

Өңірлерге 7 мың тоннаға жуық гуманитарлық көмек жеткізілді.

Оқи отырыңыз: Топан сумен бірге топалаң келеді: Елімізде дер кезінде шара қолданбаса, арты не болмақ.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды