Ресейдің Томск облысында 5,5 мыңнан астам отандасымыз оқып жатыр

Сурет: Zakon.kz
Ресейдің Томск облысында 5,5 мыңнан астам отандасымыз оқып жатыр. Қазақстандық студенттердің саны бойынша Ресей аймақтарының ішінде бұл өңір Мәскеуден кейін екінші орында тұр.

Алдағы мақсат – өнеркәсіп саласына қажетті білікті кадрларды даярлау.

Қазақстан мен Ресей өнеркәсіп саласында сұранысқа ие мамандарды бірігіп даярлайды. Екі тарап екіжақты ынтымақтастықты нығайтпақ. Яғни бірлескен білім беру бағдарламасы арқылы студенттер қос диплом ала алады, деп жазады qazaqstan.tv.

"Қазақстандық студенттер үнемі жақсы нәтижелерге қол жеткізіп келеді. Тіпті жиырмасыншы ғасырдың басынан осы күнге дейін оқу орнымызды бітірген танымал түлектер бар." Артем Рыкун, Оқу орнының проректоры

Президенттің Қазақстанда әлемнің жетекші университеттерінің филиалдарын ашу туралы тапсырмасы бар. Алдағы уақытта Қазақстандағы кәсіпорындарға қайта оралатын жоғары білікті мамандарды даярлауға басымдық берілмек. Томск және қазақстандық университеттер арасында 30-дан астам ынтымақтастық туралы келісім бар.

"Мен магистратураны бітіргеннен кейін Қазақстанның бір кәсіпорнына жұмысқа орналасқым келеді. Неліктен геолог мамандығын таңдадым? Себебі Қазақстанда көптеген кен орындары ашылмаған және Қазақстанда өте көп гранттар бөлініп жатыр кен орындарын ашуға, сол себептен өз үлесімді қосқым келеді." Әлижан Балжанов, Студент

Мамандар өнеркәсіптік кооперацияның әлеуеті жоғары екенін айтады.

Ресей

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты