ҚМДБ төрағасы Қасиетті Тақтың Қазақстандағы апостолдық нунциімен кездесті

Сурет: ҚМДБ баспасөз қызметі
2024 жылы 6 мамырда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Қасиетті Тақтың Қазақстандағы апостолдық нунциі Джордж Джордж Панамтундилмен кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кездесуде екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайту мен дінаралық диалогты ілгерілетудің маңызы сөз болды, делінген ҚМДБ баспасөз қызметінің хабарламасында.

Бас мүфти елімізде әр үш жыл сайын өтіп келе жатқан Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі бірлескен күш-жігердің арқасында діндер арасындағы өзара түсіністік пен сыйластықты нығайтуға арналған алаңға айналғанын атап өтті. Осы бағыттағы жұмыстарға жан-жақты қолдау көрсеткені үшін Ватикан тарапына ризашылық білдірді. Сондай-ақ тараптар Қазақстанның конфессияаралық келісім және жаһандық дінаралық диалогты ілгерілету саласындағы бастамаларын жоғары бағалады.

Кездесу кезінде Джордж Панамтундил Қасиетті Тақ Қазақстанның бейбітшілік идеяларын, барлық діндердегі адамдардың игілігі үшін мәдениеттер мен діндер арасындағы тұрақты диалогты ілгерілету жолындағы бастамаларын қолдайтынын жеткізді.

Сонымен қатар уақыт бөліп, арнайы қабылдаған ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлына алғысын білдірді.

Қазақстан
ҚМДБ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

Қазақстанда нысандарды бұзуға жаңа жолмен рұқсат беріледі

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйел адамның дене мүшелері табылды