ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Қазақстан әуежайларындағы қымбатшылыққа қатысты пікір білдірді

Сурет: Zakon.kz/Максим Золотухин
ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Марат Омаров 17 мамырда агенттікте өткен баспасөз мәслихатында әуежай мен қаладағы баға тең болуы керектігін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Марат Омаров әуежайлардағы қызмет көрсетуге қатысты шағымдар түскенін айтты. Атап айтқанда, стерильді жерлердегі жоғары бағаларға - шай, кофе және т.б.

"Қазір біз Азаматтық авиация комитетімен осы салада жұмыс істеп жатырмыз, шағым негізінен Алматы және Астана әуежайларынан түсті. Қазір біз тәуелсіз жеткізушілерге қолжетімділік жасадық. Негізінде мұндай бағалар көрінбейді. Бірақ біз үшін ең басты көрсеткіш – қаладағыдай бағаның шамамен бірдей болуы. Әсіресе Sturbucks сияқты бірдей брендтер. Біз үшін бұл Табиғи монополияларды реттеу комитетімен бірігіп қызмет істейміз, өйткені әуежайлар табиғи монополиялар болып табылады. Ондай орындарға қолжетімділік тең болуы керек және бағалар қолайлы болуы керек", - деп қосты спикер.

Бағалар мен тарифтердің жыл ішінде және бір айда қалай өскені туралы 2 мамырда Ұлттық статистика бюросы хабарлады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ақмола облысында салынып жатқан кірпіш зауытынан Қытайдың 75 азаматы ұсталды