Таразда жеке тұрғын үйдің ауласында "ГАЗель" өртеніп, бір адам зардап шекті

Сурет: Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі
20 мамырда 16:17-де 101 пультіне Тараздағы Р.Қошқарбаев көшесіндегі тұрғынүйлердің аумағында "Газель" автокөлігі өртке оранғандығы жөнінде хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шақырту орнына Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің күштері мен құралдары - 21 қызметкер және 5 бірлік техника жетті.

Өрт 16:57-де ауыздықталып, 17:11-де сөндірілді. Қаза болғандар жоқ, бір адам зардап шекті. Оның қолы күйген, жедел жәрдем қызметкерлері алып кетті.

Өрттің себебі анықталып жатыр.

"Құрметті азаматтар! Өрт қауіпсіздігі шараларын сақтаңыздар. Автокөліктің техникалық жағдайын қадағалаңыздар. Автокөлікте тез тұтанғыш заттарды сақтамаңыздар", - деп ескертті құтқарушылар.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Ондай жан енді қайталанбайды": Баян Алагөзова Меруерт Өтекешеваға тағы да ерекше ықыласын білдірді

Қазақстанда күн райы күрт бұзылады: 5-7 қарашада қалың қар жауып, күн суытады

"Нөсер жаңбыр жауып, үсік жүреді". Еліміз бойынша 5 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Айдос Сарым Президент Жолдауын тарихи міндеттерді айқындайтын құжат деп таныды

Қазақстанның курорттық аймағында психотроптық препараттар таратылған