Қазақстандық жүргізушілерге жолдағы басты ережені еске салды

Сурет: pxhere
"Бала қауіпсіздігі басты назарда". Бұл Қазақстандағы полицейлердің ұраны. Олар балалардың жазғы демалысы кезінде қала-ауданаралық көлік қатынасы жиілейтінін атап өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Дүниежүзілік талдаулар көліктегі автоорындықтар, бустерлер және адаптер құрылғылары балалардың жол қозғалысындағы жарақат алуынан қорғайтынын дәлелдеді.

Біз балаларға қауіпсіздік деңгейін бағалай білуді және қиын жағдайларда өздерін сенімді сезінуге көмектесуіміз керек.

12 жасқа толмаған бала көлікке міндетті түрде арнайы автоорындық арқылы отырғызылуы тиіс. Талап сақталмаған жағдайда әкімшілік жауапкершілік көзделген.

Жаяу жүргіншілердің әдетте белгіленбеген жерден жолды кесіп өтіп, жақындап қалған көліктің алдынан жүгіріп өтуі кезінде және бағдаршамның тыйым салынған сигналына мән бермеген жағдайда жол-көлік оқиғасына ұшырау қаупі жоғары.

Балалардың жолдан өту ережесін білуі қауіпсіздік үшін қажет.

Алыс сапарларға балаларды өздігінен үлкендердің қарауынсыз көлікке отырғызып жібермеңіз.

Жол қозғалысының әр секунды мен минуты қауіпсіздікті талап етеді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Димаштың орындауындағы түрікше ән бірнеше елдің чарттарын бағындыруда

"Жақсы жаңалығым бар!". Мемлекеттік білім гранттары иегерлерінің тізімі 7 тамызда жарияланатыны белгілі болды

Еңбек кодексі: тамыз айында не өзгереді және жұмыс берушілер нені білуі керек

Мемлекеттік білім беру гранты иегерлеренің тізімі қашан жарияланатыны белгілі болды

Сақтандыру қызметіне бірқатар өзгерістер енгізілді