Ташкентте магнитудасы 6,5 балдық жер сілкінісі болу қаупі бар

Сурет: pixabay
Ташкентте магнитудасы 6,5 балдық жер сілкінісі болу қаупі бар. Бұл туралы елдегі ғылым академиясының өкілдері хабарлады.

Осы ретте қаланың инженерлік-геологиялық жағдайы, биік ғимараттар мен тұрғын үйлердің құрылымдық типі, сейсмикалық тұрғыда қаншалықты қауіпсіз екенін анықтау жұмыстары қолға алынбақ.

Заманауи IT технологиялар негізінде ықтималдығы жоғары 7, 8 және 9 баллдық зілзаладан келетін экономикалық шығындарды бағалау моделі әзірленеді.

Айта кетсек, шахарда 1868, 1886, және 1966 жылдары алапат жер сілкінісі тіркелген, деп жазады qazaqstan.tv.

Соңғы рет 1980 жылы магнитудасы 5,5 балдық тербеліс болды.

"Зерттеу нәтижесінде жердің және ғимараттардың құрылымдық тербеліс қасиеттері анықталады. Математикалық модельдеу негізінде зілзала ошағы мен одан тыс жерлерде сейсмикалық тербелістердің таралу және әлсіреу көрсеткіштері бағаланады." Гульноза Шарафова, ғылым академиясы ақпараттық қызметінің жетекшісі
Өзбекстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

"Тұман түсіп, қатты жел тұрады". Дүйсенбіде еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Қазақстанда бір күнде 12 орман өрті тіркелді

Елді мекендердің бас жоспарларын бекіту қағидаларына өзгерістер енгізілді