Қостанай облысында 6 ауыл екі айдан бері жарықсыз отыр

Сурет: pixabay
Қостанай облысында 6 ауылда екі айдан бері жарық жоқ. Тұрғындар генераторлар пайдаланып отыр. Оның өзі бірнеше үйге біреуден берілген және пайдалану уақыты шектеулі.

Жалпы тасқын басталғанда облыс аумағында мыңға тарта баған құлап, 37 елдімекен жарықсыз қалған. Олардың дені біртендеп электр желісіне қосылды.

Қалған алты ауылға жарық беруге мамандар желі өтетін жерде судың құрғамауы себеп, дейді. Соған қарамастан, қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр, деп жазады qazaqstan.tv.

Соңғы күндері облыстың оңтүстік өңіріне 120 баған жеткізілген.

"Біріншіден су. Оның сыртында жердің өзі сазды батпақ. Кей жерлерден жол талғамайтын көлік, тіпті К-700 тракторы да өте алмайды. Бірақ біз бұл қиындықтың бәрін еңсеруге тырысамыз. Ауыр болса да жұмыс жүріп жатыр. Енді бір айдың көлемінде барлық елдімекенге жарық беріп боламыз деп ойлаймын." Аслан Орынбасаров Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін