Алматы тауларында жоғалып кеткен турист құтқарылды

Сурет: ҚР ТЖМ
Қарасай ауданында Үлкен Алматы шыңы аймағында таудан түсіп бара жатып адасып кеткен 20 жастағы жігітті іздестіру жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары кинологиялық топтың көмегімен дереу іздестіру-құтқару жұмыстарын бастады.


"Жедел іздестіру тобының жүргізген шараларының арқасында ер адам Алма-Арасан шатқалынан табылды, оған медициналық көмек қажет емес болды", - делінген хабарламада.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, 11 жасөспірім ауа райының қолайсыздығына қарамастан Алматы облысындағы Туристік шыңға шығып, адасып кеткен, олардың біреуі жарақат алған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды