Алматыда 55 мыңнан астам электронды темекі тәркіленіп, жойылды

Сурет: pixabay
Екі алматылық бірнеше ай бойы заңсыз ваптерді жаппай сатып келген. Бұл мәселеге Қаржы мониторингі агенттігі араласты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Саудагерлерде кәсіпкерлік лицензиясы болмағандықтан, агенттік оларға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады.

Бұған дейін жедел іздестіру шаралары барысында қалада сауда және қойма үй-жайлары анықталып, олардан 55 мыңнан астам электронды темекі табылып, тәркіленді.

Сот үкімімен Алматы қаласының екі тұрғыны кінәлі деп танылып, біреуіне 3 450 000 теңгеден астам айыппұл салынса, екіншісіне 1 жыл бас бостандығын шектеу мен 100 сағат мәжбүрлі еңбек ету сынды жаза тағайындалды.

Алынған айғақ заттар тәркіленді.

2024 жылдың 19 сәуірінде Қасым-Жомарт Тоқаев темекі шегуге болмайтын темекі өнімдерін, вейптерді, хош иістендіргіштер мен сұйықтықтарды сатуға және таратуға, сондай-ақ оларды жарнамалауға тыйым салатын заңға қол қойды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды