Алматы әуежайының қызметкерлері 50-ден астам телефонды ұрлап кеткен

Сурет: pixabay
Көлік полицейлері 50-ден астам телефон ұрлығына қатысы бар күдіктілерді құрықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Осы жылы 24 мамырда Алматы қаласы әуежайындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында әуежайдың үш қызметкерінен құрылған топтың қылмыстық әрекетінің жолын кесті.

Күдіктілер еліміздің өзге өңірлеріне сатылу керек болған пошта жөнелтілімінің тауарларын, атап айтқанда телефондарды бірнеше рет ұрлады деген күдікпен ұсталды.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Өзге ақпараттар Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес тергеу мүддесіне орай жария етілуге жатпайды.

Конституцияның 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес қылмыстық құқық бұзушылық жасаушының кiнәлiлiгi соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін кінәсіз болып саналады деп есептеледі.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Қар жауып, үсік жүреді". Еліміз бойынша 2 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Алматыда жүргізушілерді наразылық акциясына шығуға үндеген ер адам 15 тәулікке қамалды

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 1 қараша

Канело Кристиан Мбиллиді жеңіп, бокстан әлем чемпионы атағын қайтарып алды

Мемлекет басшысы Алжир президентіне құттықтау жеделхатын жолдады