Түркістан облысында 10 айлық сәби табылды

Сурет: Zakon.kz
Таңғы сағат 9:00 шамасында Бәйдібек аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын хабарлама түсірді. Онда ер адам, көше бойында жасқа толмаған сәбидің бір өзі еңбектеп жүргені туралы хабарлады.

Оқиға орнына бірден жеткен полицейлер бірінші кезекте кішкентай баланың жағдайын біліп, одан әрі сәбидің туыстарын іздеуге кірісті.

Тәртіп сақшылары жоғалған кішкентай қыздың ата-анасын анықтау мақсатында қажетті деп танылған барлық жедел-іздестіру шараларын жүргізді.

Аудан көшелерін тексеріп, көрген-білгендерден сұрастырды. Нәтижесінде полицейлер бір сағат ішінде кішкентай бөбектің тұрғылықты мекенжайы мен анасын анықтады.

Белгілі болғандай анасы үй шаруасымен жүргенде, 10 айлық бүлдіршін ашық тұрған есіктен еңбектеп шығып, үйінен ұзап кеткен. Өз кезегінде анасы полиция қызметкерлеріне шынайы алғысын білдірді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жылусыз, сусыз бірақ алтынға бай: әлемдегі ең биік қалаға адамдар неге ағылып жатыр

ҰҚК "Самұрық-Қазына" АҚ және "ҚТЖ" ҰК" АҚ басшыларының ұсталғанын мәлімдеді

Абай облысында жоғалған ер адамның денесі бес күннен кейін иен даладан табылды

Оралда ерлі-зайыпты оқушы қызды зиратқа қарай күштеп алып кетпек болған

Қазақстанда жаңа мемлекеттік наградалар бекітілді: Тоқаев заңға қол қойды