Синоптиктер 4-6 маусым күндері Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы ауа райы туралы айтты

Сурет: Zakon.kz/Анастасия Московчук
"Қазгидромет" РМК синоптиктері Zakon.kz тілшісіне Астана, Алматы және Шымкент қалаларының алдағы үш күнге – 2024 жылдың 4 маусымы мен 6 маусымы аралығындағы ауа райының толық болжамын ұсынды.

Астанада:

4 маусым – көшпелі бұлт шығады, күндіз жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Жел оңтүстік-батыстан түнде 2-7, күндіз 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде +10+12, күндіз +24+26°С;

5 маусым – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде +11+13, күндіз +26+28°С;

6 маусым – көшпелі бұлт шығады, күндіз жаңбыр жауады, күн күркірейді. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 9-14, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +13+15, күндіз +25+27°С.

Алматыда:

4 маусым – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде +12+14, күндіз +26+28°C;

5 маусым – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде +12+14, күндіз +27+29°С;

6 маусым – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +14+16, күндіз +30+32°С.

Шымкентте:

4 маусым – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 8-13 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +15+17, күндіз +30+32°С;

5 маусым – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 8-13 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +15+17, күндіз +32+34°C;

6 маусым – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батыстан 8-13 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +16+18, күндіз +35+37°С.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда әйел тоғызыншы қабаттан құлап көз жұмды

"Қайрат" пен "Ордабасы" 26 шілдеде Алматыда кездеседі

Тоқаев Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумында не айтты

26 шілдедегі Алматы мен Астанадағы валюта айырбастау бағамдары

Көкшетауда автожуу орнында ток соғып, жас жігіт қаза тапты