Атырау тасқынның шарықтау шегінен өтті ме

Сурет: Атырау облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабы
Атырау облысы бойынша қазіргі уақытта Индер және Махамбет аудандарында, сондай-ақ Атырауда Жайық өзеніндегі су деңгейінің төмендеуі байқалып отыр, деп хабарлайды Zakon.kz облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабына сілтеме жасап.

Атырау облысы ТЖД басшысының орынбасары Руслан Шариевтің айтуынша, облыс су тасқынының шарықтау шегінен өтті.

"Қазір біз су тасқынының шарықтау шегіне жеттік, Жайық өзеніндегі су деңгейі төмендеп жатыр. Су деңгейін қазіргі уақытта Индер, Махамбет аудандарында және Атырау қаласында күнделікті бақылап отырмыз. Сонымен қатар Жайықтан тасыған су жыраларға жайылып, көп аумақты су басуына байланысты, шаруа қожалықтарына қауіп төнді. Шаруа қожалықтарының иелерінен авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу мәселелері бойынша "жедел желіге" келіп түскен барлық қоңыраулар жедел өңделіп жатыр", - деді Руслан Шариев.

Қазіргі уақытта су басқан аймақта қалған үй жануарларын эвакуациялау жұмыстары жүргізілуде.

"Бүгінде облыстық және республикалық маңызы бар тасжолдарды су басып жатқан жағдайлар тіркеліп жатыр. Су деңгейі төмендегеннен кейін, жолдарды қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі. Әзірге судың қауіпсіздігі туралы айтуға әлі ерте. Инфрақұрылым нысандары толықтай қалпына келтіріліп, барлық жұмыстар аяқталғаннан кейін ғана судың қауіпсіздігі туралы айтуға болады" - деді ол.

Айта кетейік, Индер ауданында су деңгейі шектік деңгейден 50 см-ге, Махамбет ауданында 1 метрге, Атырауда 27 см-ге асты. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қытайда пара алған шенеунік өлім жазасына кесілді

Жұмыстан босатылған қазақстандықтарға төленетін әлеуметтік төлемдер: мемлекеттен қалай көмек алуға болады

2025 жылға арналған әкімдіктердің қарыз лимиті бекітілді

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы

БҚО-да полицейлер із-түссіз жоғалған қызды аман-есен тапты