Көшпенділер ойындарына қатысушылардың жағдайы зерттеліп жатыр

Қазақстандық ғалымдар, көшпенділер ойынына қатысатын спортшылар мен жылқылардың жағдайын зерттеуге кірісті.

Бұл мақсатта екі арнайы ғылыми топ құрылған. Құрамына жетекші ғалымдар, ветеринарлар, биологтар, генетиктер, сондай-ақ, спорттық психология және медицина мамандары кірді, деп жазады qazaqstan.tv.

Қазір олар көкпар, теңге ілу, аударыспақ, жамбы ату, дәстүрлі садақ ату спортшыларының құрама командаларымен жұмыс істеп жатыр.

Зерттеу және бақылау жұмыстары жарыс басталғанға дейін жүргізіледі.

"Ғылыми тұрғыда зерттеулер жүріп жатыр. Сондықтан бұның барлығы дайындыққа, әрі қарай шыңдалуына, жақсы көрсеткіш көрсетуіне үлкен әсерін тигізенді деп ойлаймыз." Набидулла Кикебаев, кешенді ғылыми топтың жетекшісі
Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: