Қазақстанда телерадио хабар таратуы 15 сәуірде уақытша тоқтатылады

Телевизор, телевизоры, телевидение, телевещание, ТВ, тв, телеэфир, телерадиовещание, СМИ, трансляция, центральное телевидение, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.04.2026 12:26 Фото: unsplash
Қазақстанның ұлттық телерадио хабар тарату операторы тұрғындарға маңызды ескерту жасады. "Қазтелерадио" АҚ ұлттық телерадио желісінде жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізілетінін хабарлады, деп жазады Zakon.kz.

Осыған байланысты 2026 жылғы 15 сәуір, сәрсенбі күні сағат 03:00-ден 17:00-ге дейін келесі бағыттар бойынша жоспарлы техникалық жұмыстар жүргізіледі:

  • спутниктік телерадио хабар тарату;
  • эфирлік цифрлық және аналогтық теледидар мен радио;
  • деректерді беру желілері.

Жұмыс барысында жабдықтарға техникалық қызмет көрсету және жаңғырту жұмыстары жүргізіледі. Оның ішінде DVB-S2 цифрлық тарату жүйелері, спутниктік байланыс станциялары және OTAU TV пакеті жабдықтары бар.

"Осы уақыт аралығында телерадиоарналардың трансляциясында уақытша үзілістер болуы мүмкін. Экранда техникалық жұмыстар жүргізіліп жатқаны туралы хабарлама көрсетіледі", – деп мәлімдеді "Қазтелерадио" АҚ баспасөз қызметі.

Мамандардың айтуынша, бұл жұмыстар ел бойынша тұрақты әрі сапалы хабар таратуды қамтамасыз ету үшін қажет.

Айта кетейік, бұған дейін мамандар Қазақстанда теледидардың не себепті уақытша өшірілетінін түсіндірген болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: